Жаңа тарифті тамыз айының екінші жартысынан бастап пайдалануға болады.

Жаңа тарифті тамыз айының екінші жартысынан бастап пайдалануға болады.



         Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкееваның айтуынша, мұғалімдер мен оқушыларға арналған тиімді тарифті еліміздің барлық ұялы байланыс операторы енгізеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Нola news.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мұғалім немесе оқушының қосылу шарттарын білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі пысықталып жатыр. Мұғалімдер мен оқушылардың тізімі берілуі мүмкін», – дейді Гүлнәр Бөкеева.

Тариф арқылы білім және ғылым министрлігі мақұлдаған отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі уақытта министрлік 380 ресурсты қолдап отыр. Сонымен қатар байланыс операторлары абоненттерге қосымша гигабайт ұсынады.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях