Жаңа облыстар қашан құрылатыны белгілі болды

0
1018

Жаңадан құрылатын үш облыстың құжаттары алғашқы жарты жылдықта реттеледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

– Абай, Ұлытау облыстарының құрылуы, Алматы облысының Жетісу және Алматы облыстарына бөлінуі туралы құжаттар маусым айында рәсімделеді, – деді Әділет министрі Қанат Мусин.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров та алғашқы жарты жылдықта үлгереміз деп отыр.

 

– Президент нақты тапсырма берді. Сондықтан жарты жылдықта үлгеру керек. Қазір ұйымдастару шаралары басталып кетті. Іс-қимыл алгоритмі де бар. Қайта құрылатын облыстардың өкілдері ұлттық экономика министрлігіне келді,– деді Қуантыров.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь