Жаңа ауыл шаруашылығы нысаны ашылмақ

Жақында Елтай округінде, «Жетісу» АӨК-не тиесілі мал бордақылау алаңы  ашылмақ.

Бүгін аудан әкімі Махаббат Бигелдиев осы заманауи нысанда болып, маңызды инвестициялық жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Аталған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы Жанат Исағұловтың айтуынша, жоба «ҚазАгроФинанс» АҚ бойынша субсидияланған. Оған жалпы, 20 га аумақ бөлінген. Бастапқыда мұнда 1000 бұқа бордақыланса, кейіннен, жоспар бойынша, олардың саны 3000-ға арттырылмақ. Бұл үшін мұнда қажетті жағдайдың бәрі алдын ала ойластырылып қойған.

Әкімшілік ғимараты мен асханасы, екі бөлімнен тұратын карантиндік аумағы, әрқайсысы 500 басқа шақталған төрт бордақылау алаңы, мал азығын өлшеп, сақтауға арналған қойма, шөп қорасы, байланған бұқалардың шығарған нәжісіне арналған екі шұңқыр қарастырылған бұл нысанда, сонымен қатар, жануарлар жағдайы жіті қадағаланатын ветеринарлық қосын да ойластырылған. Жалпы айтқанда, істің тоқтаусыз ілгері басуына барлық қолайлы мүмкіндік бар мұнда. Ал, болашақта мал сою алаңы мен ет өңдеу цехын салу жоспарда бар. Құрылысты жүргізген мердігер мекеме «Эва-Люкс» ЖШС жұмысты толығымен аяқтап қойған. Алайда, мал бордақылау алаңы ресми түрде көктемде, яғни, бұқаларды еліміздің солтүстік өңірлерінен алып келгенде іске қосылмақ.

Осылайша, жаңадан 34 жұмыс орнын ашуды көздеген жаңа жоба халықты экологиялық таза табиғи өніммен қамтуға қатысты мәселені шешуге де өзінің оң әсерін тигізетін болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях