Жұртты алаңдатқан жағымсыз иіс

0
532

Қағаз-картон өндіретін «Kagazy Reсycling» ЖШС-нің фильтрациялық алқабы осы маңда тұратын халықты әбден мезі еткелі қашан. Бұл мәселе екі жолмен ғана шешілетіні жайлы аудан әкімі Ж.Далабаевтың халыққа есеп беру кездесуінде түсіндірілді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымның тілшісі.

Мәселенің мән-жайын жеткізгендер – сол баяғы асылармандықтар. Олар жүйкені жұқартып, дертке дейін итермелейтін жағымсыз иістен әбден шаршадық дейді. Жаз кезінде ойын баласы осы иістен ауруға шалдығатын көрінеді. Қанша жылдан бері талқыланып келген мәселені шешіп беру үшін тұрғын үй кешеннің халқы аудан әкіміне наразылықтарын білдірді. Одан біржолата арылу жолын қарастыруды сұрады.

Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев «Kagazy Reсycling» ЖШС-нің өндіріс қалдықтарын төгетін жерін басқа жаққа ауыстырумен түсіндірді. Яғни, қоқыс қалдықтарына арналған канализация жүйесін Алматы қаласы арқылы кететін құбырмен байланыстыру қажет. Егер бұл жоспар жүзеге аспаса, аталмыш компания өз аумағында белгілі бір жерді жеткілікті мөлшерде қазып, соған өндірістік қоқыс қалдықтарын төгеді. Осы екі нұсқаның бірі орындалуы арқылы ғана бұл мәселе түбегейлі шешіледі.

Аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы халықты алаңдатқан өзекті сұраққа осылай жауап берді. Алдағы уақытта бақылауда болатынын айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь