Үздік ауыл мектебі

Үздік ауыл мектебі

Әр жылы Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен Жетісу өңіріндегі ауыл мектептерінің арасында «Үздік ауыл мектебі» атты байқау ұйымдастырылады. Биыл бұл сайыста Қарасай ауданының намысын қорғаған Жамбыл ауылдық округіндегі Жамбыл орта мектебі үздік шығып, бірінші орынды қанжығасына байлады. Аталмыш мектептің директоры Динара Әділбекқызы бастаған топ үш кезең бойынша бақ сынасып, жақсы нәтижеге ие болған. Бұл жеңісі үшін Д.Әділбекқызы ең алдымен, қолдау көрсеткен аудандық әкімдік пен аудандық білім бөлімінің басшыларына алғысын жеткізді.

Жалпы, сайыстың өзі жайлы айтар болсақ, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін үздік білім шаңырағын анықтау, озық іс-тәжірибені тарату, ауыл мектебін қолдау мақсатында өткізілген сайыстың бірінші кезеңінде білім беру мекемелері жетістіктерінің портфолиосы сараланды. Одан кейін, байқауға қатысушылар өзін-өзі таныстыру сынынан өтіп, ал, үшінші кезеңінде мектеп моделін қорғаған. Нақтырақ айтқанда, соңғы кезеңде ұстаздар білім берудің озық технологияларын қолдану аясын, нәтижелі жұмыс үлгілерін ортаға салып, мектептің жалпы ұстанған бағыт-бағдарын атап өткен. Ал, негізінде сайыста ұстаздардың шығармашылық ізденісіне баса көңіл бөлінген екен.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях