«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өтеді

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы өтеді

Еліміз бойынша 2021 жылдың маусым мен қазан айларында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы өткізіледі. Құжаттарды қабылдау 25 маусым мен 10 шілдені қоса есептеген мерзім аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Конкурсқа қатысуға кент, ауыл, ауылдық округтерде әкім лауазымында бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар, сондай-ақ, алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ ауыл әкімдеріне жол беріледі.

Конкурстың ережесі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің және облыс әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/181533?lang=kk).

Конкурс құжаттарын мына электрондық поштаға жолдауға болады: ags_2010@mail.ru

Конкурсты ұйымдастыруға байланысты қосымша ақпаратты 8-7282-240804 және 8-701-7774580 телефон нөмірлеріне хабарласып біле аласыз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях