Заңсыз құрылысқа жол жоқ (Видео)

Қарасай ауданы алып мегополис Алматы қаласымен көршілес орналасқандықтан, кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып, көптеген бизнес ошақтары бой көтеруде. Әсіресе, оның ішінде мейрамхана, кафе және тағы басқа осы сынды көңіл көтеру орталықтарына халықтың сұранысы өте үлкен. Сондықтан да бизнесмендер осы бағытта кәсібін домалатып, жұмыс істеуде. Алайда, олардың көбі дерлік құрылыс жүргізу тәртібін сақтамай, көптеген заң бұзушылықтарға жол беруде. Қазірге кезде, ауданымызда құзырлы органдардан тиісті құжаттарын дайындамай, құрылыс — монтаж жұмыстарын инспекциялауды жүргізу кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелерін бұзғандар анықталуда. Солардың бірі, «Дружба» өндірістік кооперативі, Алматы-Жандосов трассасы бойындағы №28 «А» учаскесіндегі заңсыз мейрамхана құрылысы еді.
Қазір ауданымызда дәл осындай заңсыздыққа бой алдырған 86 кәсіпкерге айып пұл салынып, хаттама толтырылған. Ал, олардың ішінде 3 нысан иесіне ұйғарым беріліп, ісі сотқа жіберілген. Еліміздегі әр нысан заң аясында құрылысы жүргізіліп, құжаттары тиісті әдіспен рәсімделуі қажет.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях