Толық қолдаймын

Толық қолдаймын

Бүгін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен еліміздегі ең белді саяси күш – «Nuг Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі болып өткені белгілі.

Съездің күн тәртібі бойынша «Nuг Otan» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсыну сияқты маңызды мәселе қаралды.

Республикамыздың жер-жерінен жиналған делегаттардың алдында Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген көптеген жетістіктерді айта келе партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сайлауға Қазақстан  Республикасының Президенттігінен үміткер ретінде  Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Сонымен қатар, Елбасы мемлекетіміздің ең жоғары басшылығына дәл осы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өте лайықты екенін атап айтып, оның елге сіңірген қызметі мен ерен еңбегіне жан-жақты тоқталды.

Барлық қазақстандықтар тәрізді мен де туған еліміздің ертеңіне,  тағдырына бет-жай қарай алмаймын. Сондықтан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басқаруға Қасым-Жомарт Тоқаевты өте дұрыс ұсынды деп есептеймін.

Дамиля Клышпаева,

Қарасай аудандық мәслихатының депутаты,

аудандық орталық аурухана

жан сақтау бөлімшесінің меңгерушісі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях