«Nur Otan» партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев үміткер болды

«Nur Otan» партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев үміткер болды

Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев ҚР Презинденттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Nur Otan» партиясының басшысы Н.Ә.Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезінде былай деді: «Жаңа басшылыққа халықтың сенімі жоғары болады. Партия төрағасы ретінде мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қарастыруларыңызды ұсынамын. Сенат Төрағасы ретінде ол парламентаризмнің дамуына зор үлес қосты. Осы жылдар бойы ол менің серіктесім болды».

Съезд барысында саяси партияның төрағасы, ҚР Тұңғыш-Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған кандидатты қолдау туралы нақты тапсырма жүктеді.

– Бізге үлкен жұмысты атқару қажет. Сайлауда партияның беделі, оған деген халықтың сенімі көрінеді. «Nur Otan» партиясына белсенді әрі сенімді сайлау науқанын өткізу керек. Алдымен республикалық сайлау штабының жұмысын ұйымдастыру қажет. Бізде ол жағынан тәжірибе бар. Оны қалай ұйымдастыру қажеттігін білеміз. Меніңше, біз ол жұмысты абыроймен атқарып шығамыз», — деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Өз сөзінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қасым-Жомарт Кемелұлын Қазақстанды басқаруға лайықты азамат екенін айтып, мемлекетті басқару саласында мол тәжірибесі бар екенін де қосымша жеткізді.

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях