Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты  

Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына көңіл айтты   

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, — деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жариялады.

«Серік Темірханұлы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі атанды. Жүрекке ота жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде еңбегі жоғары бағаланды. Көптеген адамның өмірін аман алып қалды.

Отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Серік Темірханұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды», — делінген жеделхатта.

Бұған дейін 2021 жылдың 20 шілдесінде белгілі кардиохирург Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болғаны хабарланған болатын.

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях