«Тіл тазалығын сақтайық!» атты акциясы

«Тіл тазалығын сақтайық!» атты акциясы

Ауданымызда маусым-тамыз айлары аралығына жоспарланған «Тіл тазалығын сақтайық!» атты акциясы басталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне сілтеме жасап.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: аудан бойынша халыққа қызмет көрсету нысандарында, қоғамдық көліктердегі деректемелерде және көрнекі ақпараттарда тіл нормаларының ҚР «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес ресімделуін, олардың сауатты жазылуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, бұл іске аудан жұртшылығын да кеңінен жұмылдыру жоспарлануда. Жалпы акция аясында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын халыққа түсіндіру, жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен рейдтік зерделеу жұмыстары жасалатын болады. Іс-шараның ресми ашылу рәсімі кеше барлық округтерде басталды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях