Тікелей эфирде президенттікке үміткерлердің теледебаты болады

Тікелей эфирде президенттікке үміткерлердің теледебаты болады

Президенттікке үміткерлерлердің өзара пікір-таластары телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл жайында Zakon.kz сайтында жария болды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың мәлімдеуінше, президентке кандидаттардың өзара дебаттарын еліміздегі телеарналарда онлайн түрде көрсетуге дайындық жүріп жатыр.

–Менің білуімше, теледебаттар болады. Және ол тікелей эфирде өтеді. Теледебат болғанда, кандидаттар өзара сөз таластырады. Оның қайда, қашан, қандай форматта өтетіні кейінірек белгілі болады, – дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев.

Жоғарыда айтылған үміткерлердің теледебатының өткізілу уақытын алдағы уақытта қосымша хабарлайтын боламыз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях