Тазалық жұмыстарын өткізді(Видео)

Тазалық жұмыстарын өткізді(Видео)

Ауданымызда тазалық жұмыстарына қатысты акциялар көптеп өтуде. Осындай іс-шараның бірі Райымбек ауылдық округі аумағындағы жоғары трассаның бойында ұйымдастырылды. Оған, «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен аудандық пробация бөлімінің мамандары атсалысқан болатын.

Сонымен қатар, бұл игі акцияға аталмыш бөлімнің тіркеуінде тұрғандар, тіпті, істі болғандар да үлесін қосып, қоқыс жинауға белсенділік танытты. Көше бойын тазалауға шыққан азаматтар, Жаңатұрмыс ауылынан бастап, Қырғауылды елді мекені біткен шекараға дейін жүріп өтті.

Көше бойындағы тазалыққа «Жасыл ел» еңбек жасақтары атынан төрт адам шықса, ал, өз еркімен шыққандардың саны 20-дан асты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях