Тарихи атауы қайтарылғанын қалайды

0
2445

Үшқоңыр ауылына өзінің бұрынғы Шамалған атауын қайта қайтару туралы мәселе осыдан біраз уақыт бұрын көтерілгені белгілі. Оған жергілікті тұрғындардың облыс және аудан, округ әкімдерінің, аудандық қоғамдық кеңес төрағасының атына жазған ұсыныс-хаттары түрткі болған еді.

Бүгін ауылдық мәдениет үйінде осы жағдайға қатысты жиын өтіп, оған аудан әкімі Махаббат Бигелдиев қатысып отырды. Бас қосуды ауыл әкімі Әділбек Далабаев ашып, оның мән-маңызымен, мақсатымен түсіндіріп өткен соң, мінберге бірқатар тұрғындар да шығып, өз ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, округтік ардагерлер ұйымының төрағасы Я.Ишигов, еңбек ардагері К.Амирова, ақсақалдар ұйымының мүшесі А.Молбаев, зейнеткер Г.Медеуова, мұғалім М.Беккаева сөйлеп, ауылдық Шамалған деген тарихи атауы барлығы үшін ыстық екенін, Үшқоңыр болса, географиялық жағынан тауды бейнелейтінін, сондықтан, көне атауы қайтарылғаны жөн болып табылатынын тілге тиек етті.

Барлығын мұқият тыңдаған Махаббат Садуақасұлы басқосуды түйіндеп, жергілікті атқарушы органдар жұртшылық қалауын ескере отырып, өздеріне жүктелген жұмысты түгелдей атқарғанын, елді мекендегі барлық тұрғындардың ой-пікірін білу үшін бірнеше оқу, білім орындарында осындай жиындар өткізгенін, ендігі кезекте ономастика комиссиясы тиісті шараларды жүзеге асыратынын айтып, барша жиналғандарды ораза айт мерекесімен құттықтап, жақсы тілегін білдірді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь