Көктөбедегі  әткеншек оқиғасына байланысты іс қозғалды (Видео)

Көктөбедегі  әткеншек оқиғасына байланысты іс қозғалды (Видео)

Алматы полицейлері Көк-Төбеде «Катапульта» әткеншегінен баланың құлау дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады,  деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Тengrinews.kz  сайтына  сілтеме жасап. 

Оқиғадан кейін баланың туыстары ешкімге қарсылығын білдірмей,  әткеншектен абайсызда өзі құлағанын айтты. Жәбірленуші тараптан шағым беруден бас тартқанына қарамастан, Медеу аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодексінің 306-бабында «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетуге»  көзделген құқық бұзушылық белгілері  бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Осыған дейін, желіде әткеншектен құлаған адамның видеосы жарияланды. Видеода әткеншекке отырған жігіт не жасөспірімнің секіргелі тұрғаны түсірілген. Нұсқаушыға ұқсас ер адам оны ұстап тұрады. Кадрдан тыс жерде тұрған адам әткеншекте отырған балаға басын көтеруге кеңес берген, алайда басқалар олай істемеуге шақырады. Осыдан кейін әткеншек іске қосылады, алайда ондағы адам жерге құлайды. Видеодан сақтандыру белбеуі дұрыс бекітілмегенін байқауға болады.  Видео сипаттамасында оқиғаның Алматы қаласындағы Көк-Төбеде болғаны айтылады. Айта кетейік, бұл саябақта расымен осындай әткеншек бар.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях