Тұңғыш Президент күні қарсаңында

Тұңғыш Президент күні қарсаңында

Кеше «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Ел тірегі – Елбасы» атты  салтанатты  жиын өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат ашып, партия мүшелерін мерейлі мере-
кемен құттықтады. Алқалы басқосу аясында партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партиялық билеттер табыс етілді.

Атаулы күнге орай Ақшолпан Қайратқызы өз атынан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін ауданның бірқатар белсенділеріне Алғыс хаттарды табыс етті. Сонымен қатар,  жақында оқушылар арасында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын аясында өткен шығарма байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Салтанатты жиын барысында мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көпшілікке керемет көңіл күй сыйлады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях