«Түнгі сот» пилоттық жобасының тиімділігі

«Түнгі сот» пилоттық жобасының тиімділігі

Сот жүйесінің жұмысы халық үшін қашанда маңызды. Алайда, құзіретті органдардың қандайда бір іске қатысты шешім шығаруы ұзақ уақытқа дейін созылатыны айдан анық. Осы бір жүйелі істі жеңілдету мақсатында елімізде «Түнгі сот» пилоттық жобасы қолға алынуда. Оның түсіндірме жұмыстары бүгін ауданымызда да іске асырылды. Алматы облысы Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төраға міндетін атқарушы Дәурен Төреқұловтың жетекшілігімен өткен жиынға Іле, Жамбыл, Қарасай аудандарының ІІБ басшылары мен судьялар да қатысты. Жалпы, дөңгелек үстел барысында «Түнгі сот» пилоттық жобасының атқаратын міндеті сөз етілді. Оның мақсаты – әкімшілік құқықбұзушылықтарды екі жақтың келісімімен кешкі уақытта да шешу болып табылады. Яғни, бұрынғыдай ұзақ уақыт сот табалдырығын тоздырмай, қысқа мерзімде сот қаулысын 3 тәулік ішінде біле аласыз. Ал, түнгі сот 18:00 – 22.00 уақыт аралығында жұмыс істейді. Мәселен, жол-көлік оқиғалары орын алған жағдайда, арнайы сауалнама толтырылып, түнгі соттың құзыры арқылы жылдам шешім шығарылады. Әрі 3 ай күтетін сақтандыру компаниясының төлемін 15 күн ішінде санап алуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, бұл жобаның іске асырылуы кезінде мына шарттар ескеріледі: біріншіден құқық бұзушы тарап өз кінәсін мойындау керек, екіншіден түнгі соттың қарауына келісімін беруге тиіс. Сонда ғана әкімшілік құқық бұзушылықтар кешкі сотта қарала алады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях