Тұңғыш Президент күні қарсаңында

Тұңғыш Президент күні қарсаңында

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай бүгін   «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалында «Ел тірегі – Елбасы» атты  салтанатты  жиын өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Шараны «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов ашып, партия мүшелерін мерейлі мерекелерімен құттықтады. Жиында аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, Қаскелең қалалық ардагерлер алқасының төрайымы Несіпбала Әбділдаева ізгі тілектерін білдірді.

Одан кейін атаулы күнге орай Алматы облыстық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаевтың Алғыс хаттары партия ардагерлері Ұлтусын Бархиноваға, Самат Тұяқбаевға және Қарашаш Кикимоваға   табыс етілді. Сонымен қатар, аудандық партия филиалының Алғыс хатымен бірқатар белсенділер марапатталды.   Алқалы басқосу аясында партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге де партиялық билеттер берілді. Жиынның соңы «Жас отан» жастар қанатының мүшесі, жас ақын Ержан Амангелдиевтің Елбасына арнаған өлең жолдарын оқумен түйінделді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях