Тәуелсіздік күніне орай 100 шақты іс-шара ұйымдастырылады

Тәуелсіздік күніне орай 100 шақты іс-шара ұйымдастырылады

Алматы облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 100-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылуы мен идеологиялық іс-шаралар өткізу жоспарланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-маслихатында мәлімдеді.

Бағыты айқын бастама «Тәуелсіздікке тарту» атты акция аясында ағымдағы жылдың 16 қарашасы мен 16 желтоқсан аралағында өтетін болады. Ондай 30 әлеуметтік маңызы бар нысандар мен іс-шараларды қамтылу қолға алынады.

– Өңір үшін маңызды нысандар Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылады. Тәуелсіздіктің арқасында елімізде әлеуметтік нысандардың ғана емес, кәсіпкерліктің де көкжиегі кеңейді. Жаңа өндірістік жобалар облыстың жетекші аудандарында іске қосылады.  Кербұлақ ауданындағы қуаты жылына 1,2 млн тонна «Алацем» ЖШС цемент зауыты, Іле, Ұйғыр аудандарының жаңартылған құс фабрикалары, қуаты 50 МВт Қаскелең күн электр станциясы, 1200 сауын сиырға жобалық құны 2,5 млрд теңге болатын сүт фермасы Тәуелсіздік күні қарсаңында тұсауы кесіліп, биылғы жылдың ең ірі жобалары болады, – деді Рустам Әли.

Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, ауылдық жерлер мен саяжай алаптарына ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен қалпына келтірілген Райымбек ауданын одан әрі дамыту туралы айтып өтті. Ауданда халық саны артып, 40 мыңға жуық адамды құраған.  Аймақтың дамуына үлес қосуға жігерлі жастар туған өлкелеріне қайтып келуде. Бүгінде олардың саны 2000-нан асады. Дәл осы аймақта облыс әкімінің орынбасарының сөзіне сенсек, Тәуелсіздік күні қарсаңында шамамен 82 тұрғын үй, әкімшілік ғимараттар және басқа да әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі.

Жергілікті тұрғындарды жайлы өмір сүру жағдайымен қамтамасыз ету мәселесі  облыс басшысы Амандық Баталовтың ұстанған саясатының басым бағыты болып табылады. Бұл ұстанымда әркез билік назарында.

Президенттің бұқаралық спортты дамыту және халықтың денсаулығын жақсарту туралы жолдауы аясында Жетісу өңірінде бірнеше нысанның құрылысы қарқынды жүруде.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях