Төтенше жағдай кезіндегі жәрдемақыны кімдер алады?

Төтенше жағдай кезіндегі жәрдемақыны кімдер алады?

Министр Дәурен Абаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік төлемдерді қалай алуға болатынын айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді төтенше жағдайға байланысты жалақысы сақталмай, еңбек демалысына жіберілген қызметкерлер ғана алуға болады. – Бұл төлем тек орта, шағын және микро бизнес қызметкерлеріне беріледі. Сондай-ақ, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін соңғы 12 ай ішінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына үш айдан кем емес уақыт аударымдардың жасалуы міндетті шарт, — деп түсіндірді Д.Абаев.

Тиісті төлемдер тағайындалу үшін жұмыс беруші тарап жергілікті органдарға қызметкерінің ТЖ-ға байланысты табысынан айырылғанын растайтын құжаттарды алып келуге міндетті. – Қызметкерлердің тізімі және жалақы сақталмайтын демалыс беру туралы бұйрықтың құжаты керек. Өтінімдердің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды.
Қызметкерлерге арналған төлемдер еңбек демалысы уақытында ғана беріледі, бірақ ТЖ режимінен артық емес.
— деді министр өз сөзінде.

Сонымен қатар, Д.Абаев жұмыстан босап қалғандарға қандай төлем берілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, қызметкерлер әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен соңғы екі жылдағы табысына байланысты бір айдан алты айға дейін төлемдер ала алады.

Төлемді алу үшін жұмыстан шығып қалған қызметкер Халықты жұмыспен қамту орталығына баруы тиіс. Онда жұмыссыз ретінде тіркеліп, әлеуметтік төлемдерді алу үшін өтініш жазады. Ал, кейбірі жұмыссыз ретінде бұған дейін тіркелген болса, әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті электрон үкімет порталы арқылы беруге болады.

Естеріңізде болса, Қ.Тоқаев қазақстандықтарға төтенше жағдай кезінде жәрдемақы төленетінін мәлімдеген болатын. Алдын ала есептеулер бойынша, COVID-2019 пандемиясынан елдегі 500 мың адам, оның ішінде карантинге жабылған Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары қаржылық қиындықтарға тап болып отыр. Мұндай көмекке 1,5 миллион отандасымыз жүгіне алады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях