Төртінші тоқсанда сыныптағы бала саны 25-тен аспауы керек

Төртінші тоқсанда сыныптағы бала саны 25-тен аспауы керек

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтуынша, 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында барлық өңірде оқушылар саны 300-ге дейінгі мектептерде оқу дәстүрлі форматта өтеді. Сыныптағы бала саны 25 адамнан аспауы керек, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Сондай-ақ, «жасыл» және «сары» аймақтардағы мектептерде барлық сынып оқушылары аралас форматта оқыса, «қызыл» аймақтарда жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптар, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптар аралас форматта оқитын болады.

9,11 және 12 сыныптар аптасына алты күн пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқиды (сыныпта 15 адамнан көп болмауы тиіс).

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях