Түркияда алғаш рет коронавирус анықталды

Түркияда алғаш рет коронавирус анықталды

Түркияда коронавирустың жаңа түрін (Covid-19) жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлім етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына  сілтеме жасап.

– Кеше коронавирус жұқтырды деген күдік бойынша еліміздің азаматына тест жасалды. Тест оң нәтиже көрсетті, – деп мәлім етті  министр.

Оның  айтуынша, вирус жұқтырған ер адам жақында ғана Еуропадан саяхаттан оралған. Казіргі уақытта пациент карантинге жатқызылған. Қауіпті дертке шалдыққан науқастың  денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланған. Бұдан бөлек, науқастың отбасы мүшелері, сондай-ақ,  онымен байланыста болған адамдар да  бақылауға алынды.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях