Тұрғындардың өтініштері тыңдалды

Тұрғындардың өтініштері тыңдалды

«Nur Otan» партиясының аудандық филиалында аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Оған қарастырылған мәселелер бойынша жауапты бөлімнің басшылары мен мамандары қатысып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Атап айтар болсақ, қабылдауға келген адамдар жалпы заңсыз салынған үйлердің құжаттарын қалай заңдастыруға болатынын және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы жеке кәсіп бастаған жағдайда мемлекеттен қандай көмек көрсетілетіні туралы сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, көп  балалы аналар үшін жақында тағайындаған 20 789 теңге көлеміндегі жәрдем ақыны қандай критерийлер арқылы алуға болатыны жайлы да сауалдар қойылды.

Сонымен қатар, күрделі мәселелермен келген азаматтардың құжаттары дұрыс шешімдер қабылдау мақсатында алынып, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях