Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, назарға алынды

Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, назарға алынды

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Айжан Нұрділдәқызы бүгін онлайн форматта және санитарлық талапқа сай тұрғындарды жеке қабылдап, олардың тарапынан көтерілген бірқатар мәселелердің шешімін айтып, түрлі сұрақтарына жауап берді. Қашықтан өткен қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бірқатар бөлім басшылары да қатысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қарасайлықтардың басым көпшілігі үй, жер және түрлі әлеуметтік сұрақтарға қатысты өтініштерін жеткізді. Айжан Нұрділдәқызы әрбіріне мұқият көңіл бөліп, оңтайлы шешу жолын да қарастырды.

Көтерілген мәселелердің арасында жер телімінің құжаттарына қатысты сауалдар да жиі қозғалды. Барлығына заң аясында нақты түсініктер берілді.

Талқыға түскен өтініштердің арасында Қаскелеңдегі Ақсай көшесінің мәселесі де айтылды. Қала тұрғыны Серік Молдабеков көшеде асфальт пен арықтың жоқтығын алға тартып, осыны біржақты шешуін сұрады. Өз кезегінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Айжан Нұрділдәқызы тұрғынның өтінішін ескере келе, көшенің жөндеу жұмысына жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптамадан өтуде екенін айтты. Яғни, бюджеттен ақша бөлінген жағдайда келер жылы Ақсай көшесінің мәселесі шешіледі.

Қабылдау кезінде қаскелеңдік Гүлнәр Алдабекованың жеке өтініші де назарға алынды. ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі Г.Алдабекова медициналық көмекке мұқтаждығын түсіндірді. Ал, Айжан Нұрділдәқызы қала тұрғынына өтініші бей-жай қалмайтынын айтып, оған тиісті көмек қарастырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, осы мәселені жіті бақылауда ұстау үшін ауданның бас дәрігері М.Сансызбаевқа нақты тапсырмалар жүктеді.

Осылайша қарасайлықтардың барлық өтініш-тілектері тыңдалды. Талқыланған мәселелеріне қатысты заң бойынша жауаптары айтылып, шешіміне қатысты түсініктер берілді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях