SPT (SDU Proficiency Test) 2019 олимпиадасы

SPT (SDU Proficiency Test) 2019 олимпиадасы

Қаскелең қаласындағы СДУ университетінің студенттеріне арналған ауқымды жоба – SPT (SDU Proficiency Test) 2019 олимпиадасы өтті деп хабарлайды karasauinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Биылғы жылы аталған олимпиада Елбасының жастарды қолдау бойынша тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында өтетін SDU Proficiency Test — мектеп және колледж түлектеріне арналған олимпиада. Талапкерлерге болашақта мамандық таңдауға көмектесу және түрлі деңгейдегі грант пен жеңілдік беру арқылы қолдау көрсетуді мақсат ететін олимпиада ұйымдастырушыларының мәліметі бойынша, әрбір оқушы таңдаған бағыты бойынша өз білімін көрсете отырып, СДУ-дың ішкі грантына немесе жеңілдігіне ие бола алады. Қазақстан бойынша ең үлкен SPT тест орталығы ретінде белгіленген СДУ университетінде Жастар жылының аясында ұйымдастырылған олимпиадаға 2170 талапкер қатысып, білім деңгейін көрсете отырып, 300 грант пен жеңілдіктің бірін ұтып алу үшін сынға түсті.

Айта кеткен жөн, бұл олимпиада дәстүр бойынша бесінші жыл өткізіліп отырғандықтан ауқымын да біраз кеңейтіп, республика аумағындағы 22 ірі қала мен шалғай аудандарды да қамтыды. Еліміз бойынша аталған олимпиадаға қатысуға жалпы 11160 оқушы өтініш білдірген. Оның 619-ы онлайн тіркелу барысында, олимпиада шарттарына құжаттары сай келмегені үшін, емтиханға жіберілмеді. Ал, 10535-і емтиxанға қатысуға рұқсат алып, өз аймақтарында онлайн режим арқылы тест тапсырды. Ұйымдастырушылар келтіріп отырған статистикаға сәйкес, олимпиадаға қатысуға құлшынысы жоғары қалалардың ішінде Алматы (2170 оқушы) көш бастап тұр. Сондай-ақ,  Шымкенттен 1243, Қызылордадан 847, Астанадан 791 және Ақтау қаласынан 752 талапкер қатысқан екен. Арнайы белгіленген 22 тест орталығына жиналған талапкерлер Физика, География, Химия-Биология, Ағылшын тілі, Әдебиет, Тарих пәндерінен тест тапсырды.

Жеңімпаздар 4 оқу жылына жарамды гранттармен және жеңілдік сертификаттарымен марапатталады. SPT олимпиадасының сертификатын пайдалану үшін талапкердің ҰБТ-дан небәрі 50 ұпай жинауы жеткілікті болып табылады. Олимпиаданың нәтижесі 10 наурыздан кейін университеттің ресми сайтында жарияланатын болады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях