Сингапурде әлеуметтік арақашықтықты қадағалайтын робот пайда болды

Сингапурде әлеуметтік арақашықтықты қадағалайтын робот пайда болды

«Spot» деп аталатын құлтемір әзірге қаладағы саябақтың бірінде сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.
Оның міндеті – паркте серуендеп жүрген адамдардың бір-біріне тым жақындамауын бақылап, ескертіп отыру. Бұл үшін ол өзінің бейнекамера және сенсорлы жүйесімен паркте жаяу жүргіншілердің санын анықтап, арнайы дауыс шығару құралымен әлеуметтік арақашықтықты сақтау керектігін хабарлайды. Әзірге робот қашықтан басқарылады. Бірақ келешекте ол толықтай автономды жұмыс істеуге көшеді. Осылайша жергілікті билік қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты қадағлайтын жаяу патрульдердің санын азайтпақ ойда.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях