Аудандағы жайдарман

Аудандағы жайдарман

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қазыналы Қарасай» атты жайдарман ойыны өтті. Оған аудандағы арнаулы орта білім беретін жеті колледждің студенттері қатысты. Алдымен,  сөз алған Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мадина Нұрланова мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсене қатысқаны үшін облыс әкімі Амандық Баталовтың Алғыс хатын Наиль Халиуллинге табыс етті.  Одан кейін сайысты бастаған жастар мемлекеттік бағдарламалар, колледж өмірі, қоғамдағы мәселелерді  әзілге айналдырып, келген көрермендерді күлкіге қарық қылды.  Өз колледждерінің намысын арқалаған қатысушылардың әрқайсысы марапаттан құр қалмай, арнайы номинациялар мен жүлделі орындармен мадақталды. Олардың ішінде әдемі ойын өрнегін көрсетіп, астарлы әзілімен көзге түскен Мәдениет колледжінің «Мәдениетті жігіттер» командасы жеңімпаз боп атанды

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях