Шымкенттегі университет лицензиясынан айырылды

Шымкенттегі университет лицензиясынан айырылды

ҚР Білім және ғылым министрлігі тағы бір жоғары оқу орнын – академик А.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бас лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл шешім Шымкент қаласында орналасқан ЖОО-да білім саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бірнеше рет өткен тексеруден кейін қабылданды. Сонымен қатар, қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты отырысының қорытындысы бойынша шығарылды және ол 10 жұмыс күні ішінде заңды күшіне енеді. Осы кезеңде академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті сот шешіміне де, министрлікке де шағымдануға құқылы.

Орын алған бұзушылықтар оқу үдерісін ұйымдастыру, талапкерлерді оқуға қабылдау, ЖОО-ны оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету, түлектерді жұмысқа орналастыру төңірегінде болды.

Студенттер оқу семестрінің аяқталғанын күтпей-ақ басқа ЖОО-ларға ауыса алатынын айта кеткен жөн. Студенттердің барлық оқу көрсеткіштері басқа университетке ауысқан кезде жарамды болады. Ақылы негізде оқитындар үшін оқу құны бұрынғы деңгейде қалады. БҒМ өз тарапынан көмектеседі.

«Біз студенттер мен ата-аналардың мұндай шаралар, ең алдымен, студенттердің өздерінің мүдделерін ескере отырып, қабылданатынын түсінгенін қалаймыз. Егер жоғары оқу орындары білім беру саласындағы талаптарға сәйкес келмесе, диплом алғаннан кейін болашақ мамандар жұмысқа орналасу проблемаларына тап болуы мүмкін» , – дейді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Обсуждение: 1 комментарий
  1. Инкар
    Ответить

    Биыл жазда алған диплом жарамды бола ма?

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях