Шымкентте 80 адам шақырған той иелеріне айыппұл салынды  

Шымкентте 80 адам шақырған той иелеріне айыппұл салынды   

Шымкентте карантин кезінде 80 адамға үйлену тойын жасағандарға айыппұл салынды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент Полиция департаментінің мәліметінше, Абай ауданында адам көп жиналып, той өткен мейрамхана анықталған. Тойға 80-нен аса қонақ келген.

Бұл дерек бойынша жиналған құжаттар Әкімшілік кодекстің 425-бабы («Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу») бойынша карантин талаптарын бұзған ұйымдастырушыларға әкімшілік шаралар қолдану үшін тиісті мекемеге жіберілді.

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях