Сергектен түскен ақша қайда кетеді?

Сергектен түскен ақша қайда кетеді?

Алматы полициясы «Сергек» камерасына тіркелген құқық бұзушылықтармен тіркелген айыппұл қайда кетіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Былтырдан бері «Сергек» жүйесін тестілеуден өткізіп келеміз. Бұл құрылғыны біз қала тұрғындарының сұранысына қарай апат көп болатын жерлерде орнаттық. Бұл жүйе ең алдымен жол апатының санын азайту үшін, содан соң жол апатына байланысты қылмыстарды ашу үшін орнатылды, – деді қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, «Сергек» камерасына түскен құқық бұзушылықтарға салынатын айыппұлдардың барлығы  1 теңгесіне дейін мемлекеттік бюджетке түседі.

Алматыда 1 қаңтарда «Сергек» жүйесінің 400 камерасы бірден іске қосылған болатын. 10 күн ішінде камералар 2,5 мың жол ережесін бұзу дерегін тіркеді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях