Сенатта алғаш рет өңірлердің күндері өтеді

Сенатта алғаш рет өңірлердің күндері өтеді

Парламенті Сенатына өзгерістер енгізіліп, алғаш рет Өңірлер күндері өтетін болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Осы жылы 80-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Алғаш рет Сенатта өңірлердің күндерін өткіземіз, кесте бар және жоспар бекітілді. Мәслихаттар мен аймақтар өзара байланыс орнатуға бағытталған бұл шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұратын болады, – деді Д. Назарбаева Сенаттың жалпы отырысында.

Сондай-ақ, Сенат төрағасының айтуынша, «Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі», «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту», «Қазақстанның транзиттік әлеуеттін дамыту» сияқты маңызды тақырыптарға парламенттік тыңдаулар өткізуге дайындық жұмыстары басталды.

– Қазіргі таңда Сенатта Сенаторлар кеңесі, Бюджет заңнамасы мен Заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестер, Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестер бар. Жақында парламенттік тыңдауға дайындық аясында ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен бірқатар жұмыс кездесулерін өткіздім. Енді осы саланың проблемаларын кәсіби түрде кеңінен талқылау үшін Сенат жанынан Агроөнеркәсіп кешені жөніндегі кеңес құру жоспарда бар, – деді Д.Назарбаева.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях