Өсек өзеніне қуат өндіретін стансалар салынбақ

Өсек өзеніне қуат өндіретін  стансалар салынбақ

Алматы облысының Панфилов ауданындағы Өсек өзеніне 4 су электр стансасы салынады. Қытай инвесторларының қолдауымен жүзеге асатын жоба іске қосылғаннан кейін 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ деп  хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

– Ауданымызда әрқайсысының қуаттылығы 6 мВт құрайтын, жалпы  24 мВтты 4 ГЭС каскадтың құрылысын салу жоспарлануда. Жоба құны 10,2 млрд. теңгеге шығып отыр. Сонымен қатар, Чехия мемлекетінің инвесторлары су бұру каналдарынан контейнер типті қуаттылығы 1 мВт ГЭС каскады құрылысын салуды жолға қойылуда. Аталған гидроэлектростанциялар толықтай іске қосылса «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына қосымша электр желілері тартылмақ. Келешекте электр қуатын молайтып, Қытай еліне электр энергиясын экспортталады, – дейді аудан әкімінің баспсөз хатшысы Нұрбол Қанағат. Сондай-ақ, Панфилов ауданындағы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі өткен жылы 62,0 млрд теңгені құрап, өткен мерзіммен салыстырғанда 5,2 млрд теңгеге көбейген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях