Алматыдағы карантин режимін бұзғандарды «Сергекпен» анықтайтын болады

Алматыдағы карантин режимін бұзғандарды «Сергекпен» анықтайтын болады

Алматыда күшейтілген карантин режимін бұзушыларды «Сергек» камералары арқылы анықтап, жауапқа тартады. Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы inform.kz сайтына сілтеме жасап.

– Біз «Сергек» камералары түсірген бейнежазбаларды қолданатын боламыз. Бұл камералар қаланың периметрі бойынша барлық 27 блокпостта орнатылған. Біз мегаполиске кіріп-шыққандарды қадағалаймыз және планшеттерге енгіземіз. Сондай-ақ, қаланың ішінде де «Сергек» жүйесін қолданатын боламыз. Бұл бейнежазбалар бізге сотта адамның карантиндік режимді бұзғанын дәлелдеу үшін қажет, – дейді Қанат Таймерденов.

Бұған дейін қалада карантиндік шараларды күшейту үшін 26 бекет орнатылған болатын.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях