Сара Назарбаева 78 жасқа толған туған күнін атап өтті

Сара Назарбаева 78 жасқа толған туған күнін атап өтті

Кеше, яғни, 12 ақпан күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаева туған күнін атап өтті, деп хабарлайды «Karasayinfo.kz» ақпараттық желісі «Stan.kz» сайтына сілтеме жасап.

Сара Алпысқызы 1992 жылдың ақпан айынан Халықаралық балалық қайырымдылық қорының негізін қалап, президенті атанған. Бүгінде, көптеген қайырымдылық акцияларын жүзеге асырып, жетімдерге, мүгедектерге көмек көрсетумен қатар, аналарға да қолдау білдіріп келеді. 1994 жылдың жазында «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» қорының президенті болса, 1999 жылы Демография қайырымдылық қорының қамқоршылар кеңесін басқарды.

Елімізде Сара Назарбаеваның бастамасымен «Өзін-өзі тану» моральдық және рухани білім беру бағдарламасын біртұтас оқу үдерісіне біріктіру бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Президенттің әйелі қайырымдылық саласындағы жетістіктері үшін халықаралық ұйымдардан көптеген марапаттарға қол жеткізген. Мәселен, олардың арасында Ихсан Дограмави атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Халықаралық, Халықаралық бірлік, Құрманжан Датка сынды маңызды сыйлықтары бар. Бұдан бөлек, Шыңғыс Айтматов атындағы «Алтын медальмен» наградталып, өзін-өзі тану философиясына үлкен үлес қосқаны үшін де құрметке бөленген.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях