Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке ауысты

Қалмұханбет Қасымов жаңа қызметке ауысты

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы ҚР Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінде жария болды.

«Ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын», — делінген Елбасының Жарлығында.

Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы, 1957 жылы Алматы облысы Іле ауданы Дмитриев ауылында дүниеге келген. Білімі жоғарғы, 1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінде «заңгер» мамандығын тәмадаған. Полиция генерал-полковнигі.

Қызметтік жолдары:

  • 1979 жылдан бастап тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Іле аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
  • 1988 жылдан бастап Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.
  • 1989 жылдан бастап Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.
  • 1992 жылдан бастап Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.
  • 1997 жылдан бастап Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.
  • 2003 жылдан бастап — Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші вице-министрі, вице-министрі.
  • 2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы.
  • 2011 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях