Сан саланың жұмыстары талқыланды

Сан саланың жұмыстары талқыланды

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңейтілген отырыс өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына өңірлерді дамытудың өзекті мәселелерін жедел шешу жөнінде нақты міндеттер жүктеп, бірқатар мәселелерді талқыға салды. Әсіресе, маған Қасым-Жомарт Кемелұлының  мерейтойларға арналған іс-шаралардың өткізілуіне қатысты айтқан пікірі өте қатты ұнады. Яғни, енді әрбір шара  аста-төк мерекенің бірі ретінде ғана аталмай,  қайта оның идеологиялық тұрғыдан ілгерілеуге және қазақстандықтарды біріктіруге бағытталған мақсат-міндеті анық болуы қажет.

Сонымен қатар, отырыс аясында Жастар жылының жалғасы іспеттес Волонтерлар жылының сапалы өткізілу маңыздылығына назар аударылды. Мемлекет басшысы әкімдерге мұның министрліктің немесе Үкімет деңгейінде өткізілетін кезекті бір акция емес, еліміздің бүкіл аймақтарындағы азаматтардың басым бөлігін қамтитын жүйелі жұмыс екенін ескертті. Бұл істе атқарушы органдар шешуші рөл атқаруы тиіс екендігін атап айтты. Иә, Президентіміздің жастарға ерекше қолдау көрсетуі қуантарлық жағдай. Мен ауданымыздағы Жастар орталығының жетекшісі ретінде айтарым, бізде еріктілердің қатары көп-ақ.  Волонтерлер жылының осы жиында еленіп, талқыға салынғандығы біздің алдағы жүйелі жоспарларымызға серпіліс берді. Осындай белсенді жастарға білдірілген  сенім мен артылған үміттің нәтижесіз қалмасы сөзсіз.

Айжан БАЛАЖАНОВА,

Қарасай аудандық Жастар ресурстық

 орталығының жетекшісі.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях