Samsung төрағасы қайтыс болды

Samsung төрағасы қайтыс болды

Samsung концернінің төрағасы Ли Гон Хи 79 жасында қайтыс болды, — деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ли Гон Хи жексенбіде Сеулдегі Samsung ауруханасында қайтыс болды. Ол 1942 жылы дүниеге келген, ал 1987 жылы әкесінен, яғни, Samsung негізін қалаған Ли Бен Чхольдан кейінгі екінші төраға болып тағайындалған болатын. Бұл туралы Ренхап агенттігі мәлімдеді.

2014 жылы Ли Гон Хи инфаркт алып, емделген болатын, содан кейін корпорацияның жұмысы оның мұрагеріне, ұлына, Samsung Electronics еншілес компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Енге өтті.

Сондай-ақ, Оңтүстік Корея прокуратурасы Ли Чжэ Ен концернінде билікті қолға алғанда Samsung Group-ты бақылау үшін корпорация ішіндегі компанияларды біріктіру кезінде заңсыз алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Ли Чжэ Еннен басқа Ли Гон Хидің Ли Бу Чжин мен Ли Со Хен атты қыздары бар. Тағы бір қызы Ли Юн Хен 2005 жылы өз-өзіне қол жұмсаған.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях