Мүгедектер мен жастардың өтініштері тыңдалды  

Мүгедектер мен жастардың өтініштері тыңдалды   

Бүгін «Nur Otan» партиясы   Қарасай аудандық филиалының  ғимаратында фракция депутаттары аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандармен және жастармен кездесті,  деп хабарлайды   karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Фракция депутаттарын қатарында, мәслихат депутаттары:  «Таусамалы-қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, фракция жетекшісі Бауыржан Айнабеков, аудандық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы, аудандық «Заман жаршысы» газетінің редакторы  Атлана Исаева және «Баян Ауыл –Мотор ТД» ЖШС-нің директоры Жанна Жазықбаева бар. Олар жиынға қатысып отырған мүгедектер мен жастардың қорланған мәселелерін тыңдап, талқыға салды.

Қазіргі таңда ауданда жеті мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жандардың бір мыңнан  астамы қоғамдық бірлестіктердің мүшелері.  Солардың бірі – «ЖігерМ» мүгедек спортшылар федерациясының жетекшісі Тәжіғали Ходжамұратов бірқатар ұсыныстарын атап өтті. Мәселен, аталған федерацияның  мүшелері спортпен тұрақты шұғылданып, түрлі бағыт бойынша жарыстарға да қатысып жүр. Дегенмен қазір оларға жаттығу залына және жарыстарға қатынау үшін  арнайы жабдықталған микроавтобустардың жетпейтіндігі сөз етті. Сонымен қатар, жекеменшік мекемелердің ғимараттарының басым көпшілігінде арбаға таңылған азаматтарға емін-еркін қозғалуын қамтамасыз ететін пандустардың жоқтығы, бар болса да стандартқа сай келмейтіндігі алаңдататындығын жеткізді. Оған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандардың бейіміне қарай жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де жиын барысында сөз етілді. Жастар тарапынан көтерілген мәселелер де қозғалды.  Басқосу соңында  депутаттар барлық өтініштер мен ұсыныстар  назарға алынғанын айтып, қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях