«Сәтті» супермаркетінің көмегі

«Сәтті» супермаркетінің көмегі

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде қарасайлық еріктілер белсенділік танытып, барынша жан-жақты қол ұшын созуда. «Biz birgemiz» акциясы бүгін де жалғасын тапты. Көксай ауылындағы «Сәтті» супермаркетінің демеушілігімен азық-түлік себеттері таратылды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қазіргі қысыл таяң кезең кімге де болсын оңайға тиіп жатқан жоқ. Әсіресе,   уақытша табыс көзінен айырылған отбасылар үшін  ауырлық туғызғаны сөзсіз. Бұл жағдайды ескерген Елбасы өз үндеуінде кәсіпкерлерді  әлеуметтік жағдайы төмен және  көп балалы отбасыларды қолдауға шақырған болатын. Осыны негізге алған Көксай ауылындағы «Сәтті» супемаркеті   Іргелі ауылдық округі әкімдігінің берген тізіміне сәйкес, шамасы келгенше  көмекке мұқтаж 20 отбасыға азық-түлік жиынтығын дайындапты. Игі исті аталған округтің әкімдігі мен аудандық Жастар ресурстық орталығы қолдап, жоғары да көрсетілген отбасылардың үйлеріне дейін жеткізуге көмектерін көрсетті.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях