Рухани жаңғыруға арналған конференция

0
2600

Кеше Қаскелең қаласындағы Алтын ауыл орта мектебінің акт залында, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Зиялы қауым өкілдері, мектеп директорлары, олардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, мектеп кітапханашылары қатысқан конференцияны аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Такимова кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

Мұнан кейін жиналғандар аудандық білім бөлімінің әдіскері Мәнсия Буданованың және «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалының кеңесшісі Ералы Рахметқожаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән-маңызы туралы, баяндамаларын тыңдады. Бұл үлкен мәселенің мәнінің тереңдігіне көздерін тағы да жеткізе түсті.

Сонымен қатар, конференцияда алдымен сөз алған Қарасай аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов Президентіміздің бастамасымен дамыған 30 елдің қатарына енуді мақсат етіп отырғанымызды атап айта келе, «Қазақстан — 2050» стратегиясы, 100 нақты қадам «Ұлт жоспары», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларына кеңінен тоқталды. Сананы жаңғырту жайында әңгімелеп, балаларды кітап оқуға баулуды нақты қолға алу керектігіне назар аудартты.

Сол сияқты аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, ардагер ұстаз Шара Қанатқұлқызы да «Рухани жаңғыру» бағдарламасында алға қойылған міндет-мақсаттар туралы әсерлі әңгімеледі.

  • Білімді азаматтар ғана мықты мемлекет құра алады. Ал, білімді болу үшін кітапты көп оқу керек, әсіресе, көркем әдебиетті. Ендеше оқушыларға кітап оқу жөнінде нақты талап қойып, тура жол көрсету керек.

Байбосын Тамабаев атындағы орта мектептің кітапханашысы Айбарша Тілеужанова кітапхана жұмысы, оған оқырман тарту, балаларға қажетті көркем дүниелерді ұсыну туралы айтып, осы бағыттағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Конференцияны аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлнар Такимова қорытындылап, оның өз мақсатына жеткенін сөз арқауына айналдырды, қатысқан, ой-пікірлерін ортаға салғандарға алғысын айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь