Өткен жылғы жұмыстары жайлы есеп берді

Өткен жылғы жұмыстары жайлы есеп берді

Біздің елімізде депутаттардың халық алдында есеп беруі дәстүрге айналған. Биыл да осы үрдіс жақсы жалғасып, алтыншы сайланған  Қарасай аудандық мәслихатының депутаттары, арнайы белгіленген кестеге сәйкес, кездесулер өткізуде.

Бүгін сайлаушылармен сондай жүздесу Абай атындағы орта мектеп-гимназияда болып, оны аудандық мәслихат аппаратының басшысы Қордай Әбілбеков жүргізіп отырды.

Осы жерде алдымен  аудандық  мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев 2017 жылғы  аудандық мәслихаттың жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі жайында жан-жақты баяндама жасады.

Айтбай Жексембайұлы өз сөзінде мәслихат депутаттары аудан әкімімен ынтымақтаса, түсінесе, бірлесе жұмыс істейтінін, ауданның бүкіл тыныс-тіршілігіне араласатынын  атап айтып, халық қалаулыларының өз міндеттерін абыроймен атқарып жүргенін жеткізді.

Мұнан кейін  Қаскелең қаласындағы сайлау округтерінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары – аудандық «Заман жаршысы» газетінің бас редакторы Атлана Жанатқызы Исаева, «Алматыгазсервис» акционерлік қоғамының президенті Айна Жомартқызы Сексенбаева және «Кантрхан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Евгений Герасимович Выгай  өздерінің өткен жылғы  жұмыстары жайында есеп берді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап қайтарды.

Халық қалаулылары мәслихаттағы тұрақты комиссиялар атқарған істерді баяндады, өздеріне талап-тілегін айтып, көмек сұраған адамдардың  кейбір мәселесінің шешілгенін,  сайлаушыларды  қабылдағанын айтты.

Кездесуді аудандық  мәслихаттың хатшысы А. Көшкімбаев  қорытындылап, алдағы міндеттерге де тоқталып өтті.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях