Қарасай ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» I бағыты – «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша, биыл 255 жұмыссыз азаматты кәсіби оқыту, қайта даярлау курстарына жіберу жоспарланған. Болжам толығымен орындалды. Ал, бағдарламаның II бағыты бойынша, осы жылы республикалық бюджеттен 209 млн. теңге қаражат бөлініп, 27 адамға шағын несие беру межеленген. Бүгінгі күнге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 13 жеке кәсіпкер осы бағдарламаның қатысушысы болды. Ал, III бағыт бойынша, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген 64 жас маман наурыз айының 1-нен бастап жастар тәжірибесіне жіберілді. Сонымен қатар, ақпан айынан бастап, Қарасай ауданында орналасқан 10 мекемеге 77 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Жыл басынан бері 466 азамат қоғамдық жұмысқа бекітілді. Жалпы, бағдарламаның шең берінде Қарасай ауданы бойынша 3557 азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған болса, ағымдағы жылдың басынан 1577-і іске араласқан. Сонымен қатар, бүгінгі күні 37 мүмкіндігі шектеулі жан тұрақты, 27-сі қоғамдық жұмысқа тартылғанын да айта кеткен жөн.
Қарасай аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Э.Тасырованың айтуынша, бүгінгі күнге мекемеге пробация қызметінің есебінде тұрған 40 азамат келген. Олардың екеуі қоғамдық еңбеке кіріссе, үшеуі қайта даярлау курстарына жіберілген. 8 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан.