«Брусничкадағы» мерейтойлық басқосу

«Брусничкадағы» мерейтойлық басқосу

Бүгінгі тыныштығымыз, өз елімізде емін- еркін ойнап күлуіміз тәуелсіздігіміздің арқасы. Мұғалім шәкіртімен, анасы баласымен арқа- жарқа боп, бүлдіршіндеріміз ай менен күннің нұрына бөленіп өсіп жатқан қасиетті Отанымызда күнде мейрам, күнде мереке. Сондай шараның бірі, бүгін Қаскелең қарасындағы «Брусничка» балабақшасында өтті. «Қош келдің,30 жасым, мерейім» атты мерейтойға тыңғылықты дайындалған кеш иелері, бар өнерлерін ортаға салды. Әсем кешті жүргізушілердің таныстыруымен, тәрбиешілер мен тәлімгерлердің әдемі үйлескен флешмобымен ашылып, артынша бейнеролик көрсетіліп, өткенге шолу жасалды. Мектеп жасына дейінгі балалар көрермендерді қылықтарымен тамсандырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Осы ретте аталған мекеменің меңгерушісі Райхан Алибекова құттықтау сөзін арнап, келген қонақтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, Қаскелең қалалық әкімдігі аппаратының бас маманы Маржан Айткенова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Қымбат Айжанова, аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы төрайымы Сара Байбосынова, аталған балабақшаның бұрынғы меңгерушісі Гүлсінай Мусаева және өзге де бөбекжай басшылары келіп, қуанышқа ортақ болды. Ақ ниеттерін, ыстық ықыластарын білдіріп, сыйлықтарын ұсынды.

Еліміз тәуелсіздігін алмай тұрып, қиын- қыстау кезеңде ашылып, әлі күнге дейін бала тәрбиелеуде алдыңғы орында келе жатқан бөбекжайдың көркеюіне көп адам еңбек сіңірген. Олар бүгін де ұмыт қалмады. «Брусничка» балабақшасында табысты жұмыс істеп, қызметінің жемісін көріп отырған зейнеткер әжелер де үлкен қуанышқа арнайы келген. Төрге шығып кезек- кезек, бірінің сөзін бірі жалғап, ерекше толқыныспен сөйлеген ардагер тәрбиешілердің көңілдері босап, өткені есіне түсіп, көздеріне жас та алды.

Концерт соңына қарай ұйымдастырушылар қазақилығымыздан танбай шашу шашты, мерекелік торт ұсынды, қонақтарға тойбастар тарту етті. Тамаша кешті қорытындылай келе мекеме басшысы Райхан Дүрімбекқызы әр топ бүлдіршіндеріне арнаған сыйлығын тапсырып, жиналған көпшілікті ақ дастарқан басына шақырды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях