Тұрғындар тарапынан өтініш те, алғыс та болды

Тұрғындар тарапынан өтініш те, алғыс та болды

Әйтей ауылдық округінің тұрғындары бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың есептік кездесуіне жиналып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Бұл жиында Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы басшысының орынбасары Қобылан Манапов пен аталмыш ауылдык округтің әкімі Қайсар Кикимов та болды. Алдымен аудан әкімі былтырғы жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткішіне қатысты баяндамасын оқып, келер жылда атқарылатын істерді де айтып өтті. Оның ішінде осы ауылдық округте жүзеге асатын бірқатар жұмыстардың жоспары да айтылды. Соның бірі – Әйтей ауылдық округінде салынатын мектеп құрылысы. 1200 орындықпен қамтылатын мектептің пайдалану мерзімі 2019 жылдың 1-ші қыркүйегіне жоспарлануда. Әйтейліктер үшін мектеп мәселесінің осылай тез арада шешілуі жақсы жаңалықтардың алды болды.

[su_custom_gallery source=»media: 7307,7308,7309,7306″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Ауылдықтарды білім саласынан басқа әлеуметтік сұрақтар да мазалайтыны белгілі. Соның бірқатары бүгінгі аудан әкімінің есептік жиынында көтеріліп, ортаға салынды. Мәселен, судың тапшылығы, Үштерек ауылындағы мектептің үшауысымдығы, трансформаторлардың жеке меншік болуы, жол, жарық мәселелеріне қатысты сауалдар. Жандарбек Ермекұлы тұрғындардың барлық айтылған наразылығын тыңдап, әрқайсысына жеке-жеке тоқталды. Аудан әкімі әдеттегідей кейбір әлеуметтік мәселелерді тиісті бөлім басшыларына тапсырып, күрделі жұмысты қажет ететін істерді уақыт талабымен іске асатынын айтты. Жиын соңында аудан басшысы айтылған сұрақтар қайтадан талқыланбас үшін тоқсан аяғында тағы да ауылдықтармен кездесу болатынын мәлімдеді.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях