Аудандық сот ішінен ашылған фронт-офис (Видео)

Аудандық сот ішінен ашылған фронт-офис (Видео)

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соңғы жолдауында «сот жүйесін одан әрі жаңғырту» керек деп бірқатар бағыттар мен жобаларды атап көрсеткен еді. Соның аясында еліміздегі кейбір аймақтарда сот жанынан фронт-офистер ашылуда. Өткен аптаның жұмасында біздің аудандық сот ғимаратында да қазіргі стандартқа сай «Кедергісіз» құқықтық көмек көрсететін фронт-офистің салтанатты түрде ашылуы болды.

Сот ішіндегі 60 шаршы метр аумақты қамтитын шағын кеңсе заманауи техникалармен және жайлы жиһаздармен жабдықталған. Фронт-офистің негізгі мақсаты соттардың халық алдындағы айқындылығын көрсетіп, азаматтарға оңай, әрі жедел жұмыс атқару.  Мұнда халыққа арналған медиатор және адвокаттардың қызмет көрсететін бөлмелері де бар.

Ал, ауданымыздың сот төрағасы Мәди Көшікбаев фронт-офистің өзіндік ерекшеліктері мен тиімді тұстары да бар екенін айтады.

Бұл кеңседегі жалпыға ортақ қызмет ететін – ақпарат орталығынан тұрғындар кез келген сауалдарына заң тұрғысынан кеңес алып, көмектеріне жүгіне алады. Фронт-офистің осындай қолжетімділігі мен жылдамдылығы халық үшін пайдалы қызмет болары сөзсіз.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях