Алдағы күндердің ауа райының өзгерісі

Алдағы күндердің ауа райының өзгерісі

Қаңтардың соңғы үш күнінде қатты аяздан соң күн күрт жылынып, артынша тез суып кетеді деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылым sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанға еліміздің аумағы арқылы қатты жылдамдықпен өтетін суық антициклон ауысты. Өткен тәулікте республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы -38°С-қа дейін төмендеді. Сол себепті сенбі күні солтүстік, орталық және шығыс облыстарда ауа райы аязды, жауын-шашынсыз болады, ауа температурасы нормадан төмен болуы ықтимал», – дейді синоптиктер.

Алдағы күндері -35°С аяз суық антициклонмен шығысқа қарай ығысып, Қазақстанға Каспий теңізінің оңтүстігінен жылы циклон келеді. Әрі қарай солтүстік-шығысқа жылжитын циклонмен бірге қар жауып, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде көктайғақ және тұман болады. Солтүстік, шығыс және орталық облыстарда қар мен бірге бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан күшті жел соғып, ауа температурасы көтеріледі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен және Саран қалаларында бастауыш сынып оқушыларына арналған (0-4 сыныптар) сабақтар тоқтатылады. Ондағы ауа температурасы -24-26°С, ал, Павлодарда -29°С. Балқаш, Семей және Шахтинск қалаларында да екінші ауысымдағы балалардың сабақтары уақытша тоқтатылды.  Мұнда ауа температурасы -27°С.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях