Елордада табиғатты қорғаумен айналысатын белсенділердің бірінші республикалық эко-слеті өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Жиынға еліміздің түпкір-түпкірінен келген қоғам белсенділері, волонтерлер, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйым өкілдері және ҚР Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты.Экология елшісі атанған еріктілер арасында танымал қазақстандық режиссер, продюсер Нұртас Адамбай бар. Жалпы, басқосуда қоқыстарды сұрыптау, қатты-тұрмыстық қалдықтарды тұтынуды жəне олардың пайда болуын азайту, экологиялық сана мен тәрбиенің маңызы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, экологиялық заңды бұзушылармен күрес секілді маңызды мәселелер талқыланды.
Жиын соңында табиғатты аялау және қоршаған ортаны қорғаудағы мәселелерді көтеру үшін халық арасында танымалдыққа Нұртас Адамбай экологиялық амбассадор ретінде сайланды.