2019 жылы әкімдіктер «Нұрлы жердің» 3 355 пәтерін «7-20-25» бағдарламасы бойынша сату үшін бөлетін болады деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Баспана» Ипотекалық ұйымының сайтына жілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша биыл «Нұрлы жердің» «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатуға берілетін пәтерлері ең көп саны Шымкент (1282 пәтер), СҚО-да (411 пәтер) және Ақтөбе (605 пәтер) облыстарында беріледі.
Бұдан бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен «Тұрғынүйқұрылысыжинақбанкінің» салымшылары арасында бөлінгенін еске саламыз. Алайда, тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды. Егер нарықта тұрғын үйді сатып алу кезінде «7-20-25» бағдарламасына қатысушылар пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алу жағдайында пәтерлердің болуын және сипаттамаларын жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде негізінде 1-2-3-бөлмелі пәтерлер салынады. Пәтерді әкімдіктер арқылы сатып алу жағдайында «7-20-25» бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлемдердің болжамды есебі: