Еліміздегі 1,4 млн азамат салық амнистиясына іліге алады

Еліміздегі 1,4 млн азамат салық амнистиясына іліге алады

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы министрі Әлихан Смайылов шағын және орта бизнес субъектілеріне салық амнистиясын жүргізу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы Zakon.kz сайтына   сілтеме жасап. 

Салық амнистиясы аясында 2018 жылғы 1 қазанда берешегі төленген жағдайда салық төлеушілердің дербес шоттарында есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар жойылады. Жалпы, салық амнистиясына 210 млрд теңге қарызы бар шамамен 90 мың шағын және орта бизнес субъектілерінің салық төлеушісі ілігеді. Олар берешектер төленген жағдайда Қаржы министрлігі 130 млрд теңге өсімпұл мен айыппұлды алып тастайды.

– Мұндай іс-шаралар бұған дейін де жүргізілген болатын: 2011, 2015 жылдары оң нәтиже берді. Соңғы амнистиядан өткен кәсіпорындардың 70% жуығы қазіргі таңда қарызсыз қызмет көрсетуде. Сондықтан да, бұл іс бизнеске де, мемлекетке де пайдалы деп есептеймін, — дейді Қаржы министрі.

Оның айтуынша, жеке тұлғаларға қатысты салық амнистиясын жүргізу мақсатында Салық кодексіне тиісті өзгертулер енгізілетін болады. Бүгінгі таңда 1,4 млн азаматтың 21 млрд теңге көлемінде салықтық берешегі бар, оның 6,6 млрд теңгесі — өсімпұл.

Қаржы министрлігінің берген  ақпаратына сүйенсек,  2016 жылы 77 мың тексеру жүргізілсе, 2017 жылы – 42 мың, 2018 жылы – 38 мыңға азайды. Яғни, тексеру шаралары екі еседен астам төмендегенін байқауға болады. Тексерулердің сапасын арттыру қоса есептелген сомаларды өндіріп алудың өсімін 35%-ға  көбейтуге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде тексеру есебінен бюджетке қосымша 45 млрд теңге түседі.

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях