ЕЛТАЙЛЫҚТАРҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЕЛТАЙЛЫҚТАРҒА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін аудандық мәслихат депутаттарының басым дауысын жинаған Ренат Кенеев, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-ші бабының 1 тармағына сәйкес Елтай ауылдық округі әкімі болып 2019 жылдың 26 маусымынан бастап тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Осы округ ауданымыздағы күре жолдың бойында орналасқан, әртүрлі саладағы үлкен кәсіпорындары бар округ ретінде ерекшеленеді. Қарасай аудандық комиссиясы аталмыш әкімдікке жаңа сайлау өткізіп, аудандық мәслихат депутаттарының басым көпшілігі Ренат Бақдаулетұлына дауыс берді. Ал, бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев арнайы Елтай ауылдық округі әкімдігіне келіп, жаңа басшының өмірбаянымен таныстырып, жұмыс орнына отырғызып, тағайындады.

Халқы тығыз қоныстанған округте жұмысын одан әрі жетілдеріп, экономикасын дамытуға үлкен үлесін қосатындығына сенім білдірді аудан басшысы. Өз кезегінде тұрғындар да ыстық ықыласын білдіре келе, осы жердің ауасын халқымен бірге жұтып, топырағын бірге басып, үлкенімен де кішісімен де етене араласа жүріп, жұмыста жақсы нәтиже көрсете алатынын алға тартты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях